jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістанда денесі суару каналынан табылған қыздың өлімі бойынша тағы бір күдікті ұсталды

    Изолятор
    Изолятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Түркістан облысының полицейлері денесі суару каналынан табылған жасөспірім қыздың өлімі бойынша тағы бір күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасы.

    Еске сала кетсек, 9 сәуірде Ордабасы ауданында суару каналынан 9 сынып оқушысының денесі табылған болатын. Сол кезде күдікті ретінде 11 сынып оқушысы ұсталған еді.

    Кейін телеарнаға сұхбат берген жасөспірім қыздың туыстары оның денесінде пышақ жарақаты барын мәлімдеген еді.

    ІІМ хабарлауынша, қазіргі таңда аталған оқиғаға қатысты екінші күдікті жігіттің жеке басы анықталып, қамауға алынған.

    "Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті", – делінген ІІМ хабарламасында.

    Құзырлы органның мәліметінше, бүгінде күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

    "Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу ісі Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында", – деп қосты ведомство өкілдері.

    Түркістанда денесі суару каналынан табылған қыздың өлімі бойынша тағы бір күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.