jitsu gif
Оқыс оқиға

    Кәрім Мәсімов апелляциялық шағым түсірді

    Кәрім Мәсімов 11
    Кәрім Мәсімов. Фото: astana.gov.kz

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов сәуір айының соңында шыққан сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Апелляциялық шағым түсірілді, бірақ іс әлі апелляция соты түскен жоқ. Іс "Аса құпия" белгісімен қаралғандықтан, басқа мәліметтер жария етілмейді", - деді елордалық сот өкілдері.

    Еске салайық, 24 сәуірде Астана сотында Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шыққанын хабарлаған едік. Ол 18 жылға сотталды.

    Сотта Мәсімов пен оның орынбасары Садықұловқа мемлекетке опасыздық жасау (ҚК-тің 175-бабының 1-бөлігі), билікті күшпен басып алу (ҚК-тің 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттігін (ҚК-тің 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы) асыра пайдалану бойынша кінәлі деп танылған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.