jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматыда аулада көлік қағып кеткен баланың жағдайы белгілі болды

    Аурухана палатасы
    Аурухана палатасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Алматылық медицина қызметкерлері Alma City тұрғын үй кешенінің ауласында Daewoo Nexia жүргізушісі қағып кеткен баланың жағдайын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шегуші қыз бала.

    Ол №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне бас, иық және аяқ жарақаттарымен жеткізілген.

    "Қабылдау бөлімінде кішкентай қызды нейрохирург, травматолог және хирург қарады. Жағдайы тұрақты, есін біледі. Бас терісінде гематома болды. Рентгенография – екі проекцияда жасалды. Тексеруден және медициналық көмектен кейін ол амбулаторлық емдеуге жіберілді", - деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Daewoo Nexia көлігінің аулада баланы қағып, ойын алаңына кіріп кеткен видеосы пайда болғаны туралы жазған едік.

    Алматыда аулада көлік қағып кеткен баланың жағдайы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.