jitsu gif
Оқыс оқиға

    Түркістан облысындағы 5 жасар қыздың өлімі: туыстары бейбіт митинг өткізді

    Кішкентай қыз
    Бүлдіршін. Көрнекі фото: pixabay.com

    Түркістан облысында қаза тапқан 5 жасар қыздың туыстары сотталғанның қатаң жазалануын талап етті. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

    Бүгін, 20 шілде күні Түркістан облысында көз жұмған 5 жасар қыздың "бейсенбілік асы" өтті. Баланың туыстары сотталғанның жазасын қатаңдату талабымен бейбіт митинг өткізген.

    Агенттік мәліметінше, бейбіт шеруге шыққан 20-ға жуық адам "Әділ сот болсын!", "Педофилдерге өлім!" деген жазуы бар плакат ұстаған.

    Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары, аудан әкімі, аудандық полиция бөлімінің бастығы шеруге жиналған халықпен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    "Полицейлер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады. Жиналғандармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бір жарым сағаттан кейін олар үйлеріне тарқады. Қазіргі таңда ауылдағы жағдай бірқалыпты және қандай да бір қоғамдық тәртіпті бұзу болған жоқ", - деді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат агенттігі.

    Сондай-ақ агенттік хабарлауынша, құзырлы органдар тарапынан жағдай бақылауға алынды.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында бес жасар қыз баланы өлтірді деген күдікті екі айға қамауға алынғаны туралы жазған едік.

    Кейін Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату мәселесі көтерілген болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.