jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы облысындағы балабақшада баланы тістелеп тастаған

    Ойнап отырған бала
    Ойнап отырған бала. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысы Абай ауылындағы балабақшада біреу бүлдіршінді тістеп алған. Тәрбиешіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Оқиға туралы ақпарат EGOV.PRESS Telegram арнасында пайда болды.

    "Әлеуметтік желіде Алматы облысы Абай ауылындағы балабақшада бүлдіршін денесінің көп жері тістелінген фотосы тарап жатыр. Баланың ата-анасы бұл ересек адамның ісі деген пікірде", – делінген жазбада.

    Алматы облысының полиция департаменті оқиғаның болғанын растады. Ведомство мәліметінше, 16 тамызда Қарасай ауданы әкімшілігіне Абай ауылындағы балабақшалардың бірінде кәмелетке толмаған баланың жарақаттанғаны туралы хабарлама келіп түскен.

    "Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша дереу аудандық ІІБ ТЖД-ға тіркеліп, ювеналды полиция қызметкерлері тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл ретте тәрбиешіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды", – деді облыстық полицияның басшысы Бауыржан Әленов.

    Сондай-ақ аталған балабақша директорына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 3-бөлігімен облыстық білім басқармасына хаттама дайындалды.

    Полиция департаментінде жоғарыда аталған тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша қосымша ақпарат берілетіні атап өтілді.

    Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға былтыр Жамбыл облысында болған еді. Ол кезде екі жасар бүлдіршінді балабақшадағы өзге бала бірнеше жерінен тістеп алған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.