jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Үйін өртеп жіберген": Алматы облысында анасы мен екі баласын өлтірген деген күдікпен ер адам ұсталды

    Күдіктіге кісен салу
    Күдіктіге кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы облысында анасы мен оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтірді деген күдікті ұсталды. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шыққан, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram арнасында.

    Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері анасын және оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірген деген күдікпен 1982 жылғы Алматы қаласының тұрғынын ұстады.

    "Аталған дерек аудандық полицияда Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді.

    Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

    Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

    Еске сала кетсек, 14 қыркүйек түнгі уақытта Алматы облысы Іле ауданындағы "Береке" саяжай бірлестігінде үй өртенген еді. Өрт сөндіру кезінде зорлық-зомбылық белгілері бар әйел мен екі баланың денесі табылған болатын.

    Кейінірек, полиция анасы мен балаларын өлтірді деген күдіктіге іздеу жариялады.

    "Үйін өртеп жіберген": Алматы облысында анасы мен екі баласын өлтірген деген күдікпен ер адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.