jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖТ
    Жұлдыз Тілебалды
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда Жұмыспен қамту орталығының мамандары 370 млн теңгені ұрлады деген күдікке ілінді

    10 мың теңгелік купюралар. Көрнекі фото
    10 мың теңгелік купюралар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Алматыда "Еңбек" бағдарламасын жүзеге асыру барысында 370 млн теңгеден астам қаржы ұрланған. Арнайы прокурорлар бюджет қаражатының ұрлану фактісі бойынша тергеуді бастады. Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Прокуратураның хабарлауынша, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын тексеру қорытындысы бойынша "Еңбек" бағдарламасы арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

    "Жұмыспен қамту орталығының мамандары азаматтарды жалған жұмысқа орналастыру, жалақыны жинау және жұмысқа орналастыруды қажет етпейтін адамдардың шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жұмыс орындарын субсидиялауға бөлінген 370 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

    Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр.

    Алматыда Жұмыспен қамту орталығының мамандары 370 млн теңгені ұрлады деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.