jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкентте автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

    қоғамдық көлік
    Қоғамдық көлік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Шымкентте қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. 30 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Шымкент қаласы полиция департаментінің портал тілшісіне берген мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға бүгін 25 желтоқсанда сағат 11 шамасында болған.

    Қоғамдық көлік жүргізушісі Назарбеков көшесінде жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, 30 жастағы әйел жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған.

    Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Автобус жүргізушісі қамауға алынды.

    "Бұл факт Шымкент қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасымен Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі "абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

    Свежая публикация по теме:
    Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

    Сондай-ақ полиция өкілдері іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    Қоғамдық көлік тиесілі компания өкілдері де портал тілшісіне оқиғаға қатысты пікір білдірді.

    "Қамауға алынған көлік жүргізушісі тәжірбиелі, өте ұқыпты маман еді. 2021 жылдан бері 104 бағытында автобус айдап келеді. Автобус жүргізген ер адамның кәсібилігі туралы әріптестері де оң пікірде", - дейді қоғамдық көлік тиесілі компания өкілі.

    Автор: Жанар Пердешқызы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.