jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағандыдағы аудан әкімі тағы да мас күйінде көлік жүргізген

    Алкоголь
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Әлеуметтік желіде Ғ.Мұстафин атындағы ауыл әкімінің мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Қарағанды ​​облысының полиция департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әкімнің ұсталғаны туралы ақпаратты Instagram-парақшасында "Вечерняя Караганда" жариялады. Автордың айтуынша, тексеріс кезінде әкімнен ішімдік иісі сезілген, ал кейінірек мұны дәрігерлер растаған.

    Сондай-ақ Instagram парақша ұсталған шенеуніктің 2018 жылы да дәл осындай жанжалға қатысы бар екенін көрсеткен.

    Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 3 ақпанға қараған түні Бұқар жырау ауданында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 55 жастағы жүргізушіні ұстағанын хабарлады.

    "Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында жүргізушіден қолқа қаптырар алкоголь иісі шықты. Медициналық сараптама жүргізушінің алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесін растады. Материал сотқа жолданып, ол 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деп түсіндірді ПД өкілдері.

    Алайда департамент құқықбұзушының кім екенін нақтыламады.

    Сондай-ақ полиция департаменті өткен демалыс күндері Қарағанды ​​облысында 15 мас жүргізуші ұсталғанын, оның 5-еуі Қарағандыда ұсталғанын айтты.

    Айта кетейік, 2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Қырымбет ауылдық округінің әкімі Жанар Ысқақова көлікті мас күйінде айдағаны үшін ұсталған болатын. Оның тәртіптік ісі Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралды.

    Сондай-ақ өткен жылдың наурыз айында Павлодар ауданы Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың әкімі су тасқыны кезінде жұмыста ішімдік ішкен. Шенеуніктің айтуынша, ол ауыр жұмыстан соң осылай жылынбақ болған.

    Қарағандыдағы аудан әкімі тағы да мас күйінде көлік жүргізген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.