Оқыс оқиға

Зектілері

Семейде самса сататын дүңгіршектің сөресінде емін-еркін жүрген тышқан видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

дүңгіршек
Самса сататын дүңгіршек. Скриншот: KAZ.NUR.KZ

Семейде тағамын кеміргіштер аралаған дүңгіршек жабылды. Өңірдің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары кәсіп иесіне тексеріс жүргізіп, әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"Екеуінің де жағдайы ауыр": Ақтауда екі баланы көлік қағып кетті

Самса сататын дүңгіршектегі жағдайды жергілікті тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алған. Бейнежазба мессенджерде тарады.

Бейнежазбада сөреде тұрған самса арасында кеміргіштердің емін-еркін аралап жүргенін көруге болады. Тіпті ашыққаны соншалық, тышқан түсіріп тұрған адамнан да қорықпайды.

Қазір тазалықты ұмытып тышқандарға жем болған кәсіпкер дүңгіршегін жапқан. Ал ішіндегі азық-түлік толықтай жойылды. Енді базар маңында самса сататын дүңгіршектің иесі әкімшілік жауапқа тартылады.

"Хаттама әкімшілік сотқа жіберілді. Яғни кәсіпкер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылады. Жалпы оған талаптарды бұзғаны үшін 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген. Сондай-ақ арнайы қаулы шығарылып дүңгіршек жұмысын тоқтатты", - деді Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Әйгерім Мұсатаева.

Автор: Елжан Нұрболат

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2063789-semeide-samsa-satatyn-dungirsektin-soresinde-emin-erkin-zurgen-tysqan-videoga-tusip-qaldy/