jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының экс-бастығын сот залынан жедел жәрдем көлігі алып кетті

    Марат Күштібаев
    Марат Күштібаев. Фото: gov.kz

    Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған ІІБ бұрынғы басшысы Марат Күштібаевты сот залынан жедел жәрдем көлігімен алып кетті. Бұл туралы Жетісу облыстық сотына сілтеме жасаған KAZNUR.KZ.

    Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Зембілмен көтеріп кетіп бара жатқан адамның Марат Күштібаев екені айтылған.

    "Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі сот отырысы кезінде айыпталушы К.-ны жедел жәрдем көлігімен алып кеткені туралы ақпаратты растайды. Қазіргі уақытта ол кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды", - деп түсіндірді олар.

    Еске салайық, өткен жылы қарашада Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік.

    Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Кейін ол екі айға қамауға алынған. Сонымен бірге Күштібаев туралы бұған дейін де шыққан дауларды жинап шыққан едік.

    Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының экс-бастығын сот залынан жедел жәрдем көлігі алып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.