jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Үй қызметшісі Бишімбаев пен Нүкенова арасында кикілжің неден шыққанын айтып берді

    Сот залы
    Ст залы. Фото: https://t.me/Jogargy_sot

    Бүгін Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотта оның Алматыдағы үйінде жұмыс істеген үй қызметшісінен жауап алынды – ол Нүкенова мен Бишімбаев арасындағы кикілжіңге куә болғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Үй қызметшісі Қуандық пен Салтанат Алматыдағы үйіне бірнеше рет барғанын және жазда екеуінің арасында болған бір жанжалды айтып берді.

    "Ол кісілер Шымкенттен келді, Салтанат үйге кірген кезде дәліздегі айнаның үстінде тұрған шаш қыстырғышты көріп, менен: "Мынау кімнің шаш қыстырғышы?" деп сұрады. Мен ол Қуандықтың анасының шаш қыстырғышы екенін айттым. Бірақ Салтанат сенбеді. Содан соң Қуандық екеуі сыртқа шығып кетті, ол баспалдақта Қуандыққа ренжіп тұрды. Содан соң олар басқа бөлмеге кірді, Салтанаттың айғайлаған дауысы шықты. Қуандық та айғайлады, екеуі жанжалдасты.

    Салтанат асүйге кірген кезде мен Салтанатқа ол шынымен Қуандықтың анасының шаш қыстырғышы екенін айттым, өйткені ол үйде анасының басқа да заттары тұрған. Салтанат: "Жарайды" деді. Бірнеше күннен кейін мен жұмысқа келгенде Қуандық маған: "Қазір көлік келеді, Салтанаттың қалған заттарын беріп жіберіңізші" деді. Заттарын өзі жинап қойған екен", - деді үй қызметшісі.

    Оның Бишімбаевтың сөзіне сүйеніп айтуынша, Салтанат келесі күні жарым түнде ме, таңға жуық па ашық тұрған терезеден үйге кірген. Алайда Бишімбаев оны қайтарып жіберген.

    Біраз уақыттан кейін Бишімбаев Салтанаттың қайта келгелі жатқанын, өзі де оны сағынып жүргенін айтып, үй қызметшісінен кеңес сұраған.

    "Салтанат маған адам ретінде ұнайды, жақсы қыз ғой, бір-біріңізге бір мүмкіндік беріп көріңіздер" дедім. Келесі күні Қуандық: "Тамақ жасамай-ақ қойыңыз, Салтанат екеуміз мейрамханаға барамыз" деді. Салтанат келді. Екеуінің көңіл күйі өте жақсы болды", - деді үй қызметшісі.

    Айта кетейік, Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деп айыпталып жатқан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

    Үй қызметшісі Бишімбаев пен Нүкенова арасында кикілжің неден шыққанын айтып берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.