Бишімбаев соты: кезекті отырыстан тікелей трансляция
Опубликовано:
Астанада азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі қарауға арналған сот отырысы жалғасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Онлайн-трансляция Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының YouTube-тегі ресми арнасында сағат 14:30-да басталады.
Айта кетейік, бүгін түске дейін болған сот отырысында Салтанат Нүкенова қайтыс болғаны күні Бишімбаев сөйлескен көріпкелден және үй қызметшісінен жауап алынды. Көріпкел Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаевпен не туралы сөйлескенін айтты. Көріпкел сол күні Бишімбаевтың дауысының ырғағы біртүрлі болып көрінгенін, әр сөзін мұқият сөйлеп, "әдеттегідей" болмағанын атап өтті.
Бұған қоса көріпкел сол күні Бишімбаевтың анасына хабарласқаны белгілі болды.
Сотта Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов көріпкелдің сөзін жоққа шығарды.
Үй қызметшісі Бишімбаев пен Нүкенованың арасында жазда болған жанжалдардың бірі неден шыққанын айтып берді.
- Үй қызметшісі Бишімбаев пен Нүкенова арасында кикілжің неден шыққанын айтып берді
- "Өтірік айтып отыр": Бишімбаевтың інісі көріпкелдің жауаптарын жоққа шығарды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2090348-bishimbaev-soty-kezekti-otyrystan-tikelei-transliatsiia/