jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында екі жасар баланың денесі ауладан табылды: тағы бір күдікті қамауға алынды

    Ойыншық қонжық
    Ойыншық қонжық. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ақмола облысының Щучье қаласында асырап алған екі жасар баланы азаптап өлтірді деген күдікпен енді 29 жастағы әйел қамауға алынды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

    Телеарна мәліметінше, Шучье қаласында екі жастағы асыранды баланың денесі ауладан табылған. Оны бағып алған отбасы төрт жыл бұрын үйінің алдына көміп тастапты.

    Бірақ осы уақытқа дейін оны ешкім білмеген. Бұл қылмыс аяқасты әшкере болдған. Бес баланы асырап алған отбасындағы бір балақай ауруханаға түседі.

    Сол кезде қамқоршысы шатасып өлген баланың туу туралы куәлігін көрсеткен. Осыдан кейін тексеріс басталып, асырандылардың бірі төрт жыл бұрын көз жұмғаны анықталды.

    Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 60 жастағы әжелері қамауға алынған еді. Енді "азаптау" бабы бойынша 29 жастағы балалардың қамқоршысы тұтқындалды. Төрт жыл бойы асырандылардың өлі-тірісін білмеген тиісті мекемеге де қатысты тергеу басталды.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында әжейдің бақшасынан кішкентай баланың денесі табылғанын жазған едік.

    Сол кезде ПД факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, кісі өлтірген күдіктінің қамауға алынғанын хабарлаған болатын.

    Ақмола облысында екі жасар баланың денесі ауладан табылды: тағы бір күдікті қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.