jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    "Ұлымды қоғамның паразиті деді": Бишімбаевтың анасы жәбірленушілер адвокатының мәлімдемесіне жауап берді

    Қуандық Бишімбаевтың анасы
    Қуандық Бишімбаевтың анасы. Видеодан скриншот : youtube.com/@SupcourtRK

    Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында экс-министрдің анасы Альмира Нұрлыбекова сөз сөйледі. Ол адвокат Игорь Вранчевтің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Жәбірленуші тараптың адвокаттары ұлыма теріс мінездеме берді, бұл алқабилерге қысым болды деп есептеймін.

    Сондай-ақ жәбірленушінің адвокаты ұлымды қоғамның паразиті, "ескі Қазақстанның адамы" деп атады. Менің балам Қазақстанды 30 жылдан астам басқарған барлық шенеунік үшін жазалануы керек деді", - деді Альмира Нұрлыбекова.

    Оның айтуынша, жәбірленуші тарап алқабилерді объективті емес фактілерге сүйенуге шақырған.

    "Кешегі жарыссөзде жәбірленуші тарап осы процесті бақылап отырғандарға, бүкіл Қазақстан элитасына сабақ болуы керек деп сендірді. Жәбірленуші тарап әділдік пен объективтілікке сүйенбей, "Ескі Қазақстанға сабақ болуы үшін" соттауды сұрады. Осылайша, сіздерге сот жауапкершілігін ғана емес, үгіт-насихат және саяси функцияны жүктеп отыр", - деді Бишімбаевтың анасы.

    Айта кетсек, кеше сот жарыссөзінің бірінші күнінде зардап шеккен тараптың адвокаты Игорь Вранчев Қуандық Бишімбаевты "элиталық паразит" деп атап, алқабилерді дұрыс шешім қабылдауға шақырған еді.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот тергеуінің аяқталғанын хабарлады: тараптар сот жарыссөзіне көшті.

    Жарыссөзде прокурор Айжан Аймағанова сөз сөйлеп, марқұм Нүкенованы өлімге әкелген гематомасының көлемін көрсетті.

    Сондай-ақ Айжан Аймағанова сотталушы Байжановтың ұстанымына қатысты пікір білдіріп, оның "қулығын" атап өтті.

    "Ұлымды қоғамның паразиті деді": Бишімбаевтың анасы жәбірленушілер адвокатының мәлімдемесіне жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.