jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиевке сот үкімі шықты

    Әнуарбек Жексенғалиев
    Әнуарбек Жексенғалиев. Фото: t.me/afm_rk

    2022 жылы ұсталған қазақстандық кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиевтің мүлкі тәркіленіп, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, ұрланған қаражатты заңды айналымға тартқан Әнуарбек Жексенғалиев мүлкі тәркіленіп, 6 жылға және 8 айға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық табыс сомасы 4,3 млрд теңге болған.

    Агенттік өкілдері Жексенғалиев мемлекеттік бюджеттің 1,1 млрд теңгесін жымқырып, оны бақылауындағы жалған құрылған кәсіпорындардың шоттарына аудару жолымен заңдастырғаны анықталғанын мәлімдеді.

    Сонымен қатар ол қаражатты алып, шетел валютасына айырбастау бойынша қаржылық операциялар жүргізген. Сондай-ақ ұрланған қаражатты жылыстату үшін жылжымайтын мүлікпен жалған мәмілелер жасаған.

    Қылмыстық кірістерді заңдастыру және жылыстату әрекеттері 2019-2022 жылдар аралығында іске асырылған. Ол жер телімдерін сатып алып, құрылыс компанияларына өткізіп, пайдалануға берілген үйлерден сыйақы ретінде пәтерлер алып отырған.

    Жексенғалиевтен мемлекет кірісіне 4,7 млрд теңге тәркіленген.

    Еске салсақ, бұған дейін мемлекетаралық іздеу жарияланған қазақстандық кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиев ұсталғанын жазған едік. Оны Алматы қаласы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері ұстады.

    Кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиевке сот үкімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.