jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында үйінен еңбектеп кетіп қалған 10 айлық бала табылды

    Еңбектеп бара жатқан сәби
    Еңбектеп бара жатқан сәби. Көрнекі сурет: Мария Корнеева / Getty Images

    Түркістан облысының тұрғыны көшеден 10 айлық бала тауып алған. Сәби үйдің ашық тұрған есігінен шығып кеткені анықталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның ақпараттық медиа порталының мәліметінше, таңғы сағат 09.00 шамасында Бәйдібек аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен. Ол көшеде кішкентай сәбиді тауып алғанын айтқан.

    Оқиға орнына бірден жеткен полицейлер бірінші кезекте кішкентай баланың жағдайын біліп, одан әрі сәбидің туыстарын іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары жоғалған кішкентай қыздың ата-анасын анықтау мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білгендерден сұрастырды.

    Нәтижесінде полицейлер бір сағат ішінде кішкентай бөбектің тұрғылықты мекенжайы мен анасын анықтады.

    "Белгілі болғандай, анасы үй шаруасымен жүргенде, 10 айлық бүлдіршін ашық тұрған есіктен еңбектеп шығып, үйінен ұзап кеткен. Өз кезегінде анасы полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді", - деді ІІМ өкілдері.

    Бұған дейін Өскеменде төрт жасар бала ойын алаңында ойнап жүріп, сырғанаққа қыстырылып қалған болатын. Баланы құтқару үшін ата-анасы құтқарушыларға жүгінуге мәжбүр болды. ШҚО ТЖД қызметкерлері арнайы құралдың көмегімен баланы құрсаудан босатты.

    Түркістан облысында үйінен еңбектеп кетіп қалған 10 айлық бала табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.