jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанайда жоғалған 16 жастағы қыз өлі табылды

    Полиция қызметкерлері
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қостанай облысы Әулиекөл ауданында 26 маусымда үйінен шығып, жоғалып кеткен 16 жастағы қыздың денесі табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Бойжеткеннің Әулиекөлдегі үйінен шығып, оралмағаны туралы ақпаратты еріктілер ұсынды. Кейінірек 16 жастағы қыз өлі күйінде табылды.

    Аталған жайтқа қатысты Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері пікір білдірді.

    "Полиция 16 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тиісті тергеу шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді ведомство өкілдері.

    Айта кетейік, маусым айының басында Ақтөбе маңындағы ауылда 13 жастағы бала жоғалды. Ол үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Баланы іздеу жұмыстарына 500 адам мен 40 техника жұмылдырылды. Оның денесі төрт күннен кейін Ілек өзенінен табылды. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды.

    Қостанайда жоғалған 16 жастағы қыз өлі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.