Ақтөбелік педагог оқушымен сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Ақтөбеде педагогке оқушымен сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау бабымен айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу, анықтау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ақтөбеде педагогке қатысты жоғары сынып оқушысымен жақын қатынаста болды деген айыппен тергеу, анықтау жұмыстары жүріп жатыр.
Мектеп директоры портал тілшісіне аталған жайтқа қатысты түсінік берді.
"Бұл жағдайға қатысты тергеу, анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Жабық түрде болған соң біз бұл туралы ешқандай ақпарат бере алмаймыз. Ол мұғалім қазіргі уақытта жұмыс істемейді. Жағдай туралы тиісті органдарға хабарладым", - деді мектеп директоры.
Ал Ақтөбе облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 122-бабы, яғни, "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын растады.
Автор: Ардақ Ерубаева
- "Ескісі мығым еді": Тобыл тұрғындары 230 млн теңгеге жөндеуден өткен бөгеттің сапасы сын көтермейтінін айтты
- "Қарап тұра алмадым": Жамбыл облысында ауыл тұрғыны отқа оранған көліктен бес адамды алып шыққан
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2162385-aqtobelik-pedagog-oqushymen-seksualdyq-sipattagy-areketter-zhasady-degen-kudikke-ilindi/