Оқыс оқиға

Зектілері

Қазақстанда тағы төрт есірткі зертханасы жойылды: екі шетелдік ұсталды (видео)

Жарияланған күні:

Арнайы операция
ІІМ арнайы операциясы. Видеодан кадр: ІІМ

Ішкі істер министрлігі үш күнде төрт есірткі зертханасы жойылғанын мәлім етті. Алты адам ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті қарқынды жүргізіп келеді. Үш күн ішінде полиция төрт есірткі зертханасын анықтап, алты адамды ұстады, олардың екеуі шетел азаматы.

"Сондай-ақ 66 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 13-і сату фактісі және тоғызы сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 кг "синтетика" және 11 кг марихуана тәркіленді.

Аталған қылмыстар бойынша 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл жұмыс жалғасып жатыр", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Айта кетейік, жақында Алматыда есірткі сатқан Telegram-арналар бұғатталды.

Түркістан облысында жыл басынан бері 3,5 мың доза синтетикалық есірткі тәркіленген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2179310-qazaqstanda-tagy-tort-esirtki-zerthanasy-zhoiyldy-eki-sheteldik-ustaldy-video/