jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Танысын соққыға жыққан Ақсу қаласының тұрғыны көше тазалап жүр

    Көше тазалау жұмыстары
    Көше тазалау жұмыстары. Фото: polisia.kz

    Павлодар облысында Ақсу қаласының тұрғыны танысының денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның ақпараттық медиа-порталында жарияланған ақпаратына сәйкес, Ақсу пробация қызметінің есебінде тұрған азамат өзінің туған жерінде көше тазалап, қоғамдық жұмыстармен айналысып жүр.

    "Бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде ол өзінің танысына орташа дене жарақатын салған. Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оған 300 сағаттық міндетті қоғамдық жұмыс тағайындады", - деп түсіндірді Ішкі істер министрлігі өкілдері.

    Қазіргі уақытта ол күніне төрт сағат жұмыс істей отырып, қала әкімшілігі белгілеген жерлерді тазарту жұмыстарын жүргізеді. Оның айтуынша, ол өзінің кінәсін түсініп, түзу жолға түскен.

    Еске салсақ, бұған дейін Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде белгісіз ер адамның келіншекті ұрып-соққаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.