jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Бәрін анықтайды деп үміттенемін": Ақтөбедегі әскери бөлімде қаза тапқан сарбаздың анасы видеоүндеу жасады

    Ирина Боровец
    Ирина Боровец. Видеодан кадр: instagram.com/aqtobe_sergek

    Актөбеде гарнизонында өзіне оқ атып, көз жұмған делінген мерзімді әскери қызметшінің анасы ұлы үнемі хабарласып тұрғанын, жағдайы жақсы болғанын жеткізді. Марқұмның анасы Ирина Боровец видеоүндеуінде "өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді" деген нұсқаны таратпауды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ aqtobe_sergek парақшасына сілтеме жасап.

    Бұл жарияланымда өзіне қол салу жағдайы туралы ақпарат бар. Егер сізге не жақыныңызға күйзеліске түсуге байланысты көмек қажет болса, Қазақстанның түрлі қалаларында іске қосылған сенім телефондарына хабарласа аласыз (телефондар тізімі осында).

    Бұған дейін Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаздың өзіне қол жұмасағаны туралы хабарлама таратқан еді. Кейін бұл жайтқа қатысты желіде анасының видеоүндеуі тарады.

    "Менің ұлым сәуірден бері Ақтөбеде әскери борышын өтеді. Кеше қайғылы жағдай болды. Қызметін жақсы істеп жатқан. Оны ешкім ренжіткен жоқ, ешқандай қиындық болған жоқ. Үнемі хабарласып тұрды, бәрі жақсы еді. Қазір тергеу жүріп жатыр, бәрін анықтайды деп үміттенемін", - деді Ирина Боровец.

    Марқұмның анасы басқа сарбаздардың анасына "балаларды жағымсыз жаңалықтардан қорғаңыздар, артық жағымсыз дүние жеткізбеңіздер" деген өтініш білдірген.

    "Сондай-ақ оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген нұсқаны таратпауларыңызды сұраймын.

    Сот-медициналық сараптама алдында ұлымды көрдім – көгерген, ұрған іздер жоқ", - деді сарбаздың анасы.

    Қазір қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды, деп қосты баспасөз қызметі.

    Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметіндегі мерзімді қызметтің әскери қызметшісі өзіне қару жұмсап, көз жұмғанын жазған едік.

    "Бәрін анықтайды деп үміттенемін": Ақтөбедегі әскери бөлімде қаза тапқан сарбаздың анасы видеоүндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.