Оқыс оқиға

Зектілері

"Қазпошта" атын жамылған алаяқтар көбейіп барады: полицейлер ескерту жасады (видео)

Жарияланған күні:

Телефон ұстаған ер адам
Интернет алаяқтық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан облысының полицейлері мен "Қазпошта" қызметкерлері алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын хабарлады. Алаяқтар дәл осы мекеменің атын жамылып жиі әрекет етеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның ақпараттық медиа порталында жарияланған мәлімет бойынша, Түркістан облысының полицейлері алаяқтарды анықтау және олардың әрекеттерінің жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Cyberpol тобының қызметкерлері пошта қызметкерлерімен бірге халықты алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болуға шақырды.

Қылмыстарды саралай келгенде, олардың басым бөлігі "Қазпошта" мемлекеттік мекемесінің немесе пошташылардың атын жамылып жасалғаны анықталған.

"Алаяқтар өздерін "Қазпошта" қызметкерлеріміз деп таныстырып, сіздің атыңызға сәлемдеме келіп түскенін хабарлайды. Сосын SMS-кодты айтуыңызды сұрайды. Ондай кезде дереу телефонды қойыңыз, өйткені бұл – алаяқтықтың жаңа түрі", - деді ішкі істер министрлігі өкілі.

Интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін әрбір қоңырау мен SMS-ке жіті назар аударып, күдікті хабарламалар мен жарнамаларға сенбеуге кеңес беріледі.

Бұған дейін Шымкент полициясы алаяқтыққа қатысты үндеу жасап, тұрғындарға SMS кодтарды ешкімге айтпау туралы ескертілді. Қараша айының 12-14 күндері аралығында Шымкент қаласы аумағында республикалық денгейдегі "Анти-фрауд" жедел-профилактикалық іс-шарасы арқасында 19 қылмыс іс ашылды.

Сонымен қатар Қазақстандықтарға мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппарат басшысы Әлібек Ахмедьяровтың атынан алаяқтар хабарламалар жіберіліп жатқанын ескертілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2193911-qazposhta-atyn-zhamylgan-alaiaqtar-kobeiip-barady-politseiler-eskertu-zhasady-video/