jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада Бишімбаевтың жазасын 100 миллион теңгеге "жеңілдетуге" уәде берген әйел сот үкіміне шағымданды

    Бишімбаев сот залында
    Бишімбаев ісі бойынша өткен сот отырысынан. Фото: t.me/Jogargy_sot

    Астана соты Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен 10 жылға бас бостандығынан айырылған Людмила Грачеваға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елорда сотына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазан айының соңында Астанада алқабилер соты алаяқтық жасады және Қуандық Бишімбаевтың анасын 100 миллион теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп айыпталған Людмила Грачеваның ісі бойынша шешім шығарды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды және оған өмір бойы мемлекеттік қызметте, Ұлттық банкте, қаржы ұйымдарында және басқа да ведомстволарда жұмыс істеуге тыйым салынды.

    Соттардың Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Грачева үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Алайда апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

    "Сот тергеуінің барлық сатылары заң нормаларына сәйкес жүргізілді, іс бойынша ешқандай заң бұзушылық анықталмады. Жаза мөлшері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 656-бабына сәйкес судья мен алқабилердің шешімі негізінде белгіленді", - деп түсіндірді судья.

    Соттың шешімі заңды күшіне енді.

    Бұған дейін Антикор елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемденген күдікті жайлы хабарлаған болатын. Көп ұзамай алаяқтық жасады және Қуандық Бишімбаевтың анасын пара беруге итермеледі деп айыпталған Людмила Грачеваны алқа билер соты 10 жылға соттағанын анықтадық.

    Бұған дейін прокурор Людмила Грачеваны Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын:

    • ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігінің "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу";
    • ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігімен "Аса ірі мөлшерде пара беру" бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабының 4-бөлігінде "Арандату" қолданылып, қылмыстық іс қозғалды.

    Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жалпы 24 жылға сотталғанын еске саламыз. Іске қатысы бар Байжанов екеуі апелляциялық шағым түсіргенімен, сот шешімді өзгеріссіз қалдырды.

    Астанада Бишімбаевтың жазасын 100 миллион теңгеге "жеңілдетуге" уәде берген әйел сот үкіміне шағымданды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.