Оқыс оқиға

Зектілері

"Қызметкерін айғақтарды өзгертуге күштеп мәжбүрлеген": "Каспий" футбол клубының бұрынғы басшысы ұсталды

Жарияланған күні:

Қолына кісен салынған ер адам
Қолына кісен салынған айыпталушы. Көрнекі фото: freepik.com

Маңғыстау облысының прокуратурасы "Каспий" футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғанын анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Қадағалаушы органның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп осы фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің екі танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегенін анықтаған.

Сонымен қатар одан 15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген.

"3 желтоқсанда футбол клубының экс-басшысын, К және О деген азаматтарды қамауға алуға санкция берілді.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, петропавлдық "Қызылжар" футбол клубының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

Сонымен қатар бұған дейін Жетісу футбол клубының директоры бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2195876-kaspii-futbol-klubynda-oqu-zhattygu-zhiyndaryna-bolingen-27-mln-tenggeden-astam-qarazhat-zhymqyrylgany-anyqtaldy/