Оқыс оқиға

Зектілері

Алматы облысында қайғылы қазаға ұшыраған полицейді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті (видео)

Жарияланған күні:

Алматы облысы полиция қызметкерімен қоштасу рәсімі
Ақтық сапар. Видеодан кадр: instagram.com/police_almobl

Алматы облысында 22 желтоқсанда қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан облыстық патрульдік полиция батальонының қызметтік инспекторы, полиция аға лейтенанты Шалхар Байжомартовты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында қоштасу рәсімінен түсірілген бейнематериалдарды жариялады.

Шалхар Байжомартов ішкі істер министрінің бұйрығымен қайтыс болғаннан кейін "Қоғамдық тәртіпті қорғауға қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды.

"Ішкі істер министрлігі мен Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы марқұмның жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі адалдығы мен үлесін әріптестері мен тұрғындардың жадында мәңгілік сақталатынын атап өтті. Туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 20 желтоқсанда болған. Полиция мәліметінше, Toyota Camry 35 көлігінің жүргізушісі көктайғақ салдарынан рульге ие бола алмай, патрульдік полиция қызметкерін қаққан. Жүргізуші инерциямен полиция көлігіне де соқтығысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2203458-almaty-oblysynda-qaigyly-qazaga-ushyragan-politseidi-aqtyq-saparga-shygaryp-salu-rasimi-otti-video/