jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Sim-box құрылғысын Алматыға заңсыз әкелген шетелдік азамат ұсталды

    Sim-box құрылғысы
    Sim-box құрылғысы. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

    ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Алматы қаласы полиция департаментінің "Киберпол" тобымен бірлесіп, заңсыз sim-box құрылғысын анықтады. Бұл туралы ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталы Polisia.kz хабарлайды.

    Жедел іс-шаралар барысында көршілес елдің азаматы ұсталды. Оның айтуынша, ол Тelegram арқылы жұмыс тауып, Алматыға осы жабдықты ала келген.

    Айта кетейік, күдіктінің осыған ұқсас жағдай бойынша Атырауда жүргізіліп жатқан іске қатысы бары анықталды. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Ұсталған адам одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін прокуратураның келісімімен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Айта кетейік, Шымкентте жалған төлқұжатпен іздеуде жүрген адам ұсталған болатын

    Сонымен қатар Түркістан облысында полицейлер Қазақстан аумағында 30-дан астам қылмыс жасады деп күдіктелген ер адамды ұстады. Бұған дейін ол бірнеше рет сотты болғаны белгілі болды.

    Sim-box құрылғысын Алматыға заңсыз әкелген шетелдік азамат ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.