Оқыс оқиға

Зектілері

Ақтөбеде адамдардың кепілге алынуы: екі бап бойынша іс қозғалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
қылмыстық іс
Қылмыстық кодекс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбеде үш адамның кепілге алыну оқиғасына қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Адам өлтіру" және "Адамды кепілге алу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетсек, 13 қаңтардан 14-іне қараған түні әлеуметтік желіде белгісіз біреу Ақтөбедегі үйлердің біріне кіріп, бойжеткенді кепілге алғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейін полиция өкілдері бұл ақпаратты растап, 13 қаңтарда кешкі сағат 20:00 шамасында жедел басқару орталығына адамдарды кепілге алу фактісі бойынша хабарлама түскенін мәлімдеді. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылған.

Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталған. Кейін кепілде болған адамдардың бірі ауруханаға тасымалдау кезінде, екінші адам операция үстелінде қайтыс болғаны белгілі болды.

Дәрігерлер кепілден босатылған 40 жастағы әйелдің жағдайы орташа ауыр деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2211524-aqtobede-adamdardyng-kepilge-alynuy-eki-bap-boiynsha-is-qozgaldy/