jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақтөбе облысындағы перзентханада нәрестені сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

    нәресте
    Нәресте. Көрнекі фото: pexels.com

    Ақтөбе облысындағы перзентханада нәрестені сату фактісі тіркелді. Полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, Ақтөбе облысының полицейлері перзентханада жаңа туған нәрестені сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

    "Барлық мән-жай мен қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажетті тергеу жүргізіліп жатыр.

    Тергеу жалғасуда", - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

    Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда бала саудасы дерегі бойынша тергеу басталғаны туралы жазған едік.

    Одан бөлек Маңғыстауда жаңа туған нәрестені сатпақ болған адам ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.