jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Саран қаласындағы дүкен сатушысына жасалған шабуыл: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

    Күдіктіні қамау сәті
    Күдіктіні қамау сәті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Полиция қызметкерлері Саран қаласында дүкен сатушысының қаза болуына қатысты оқиғаның мән-жайын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Күдіктінің ауыр қылмыс жасауына себеп болған мотив – ақша екені анықталды. Күдікті күш қолданып, пышақпен қорқытып, дүкеннің кассасындағы ақшаны иемденуге тырысқан. Алайда сатушы қарсылық көрсеткен, сол кезде ол пышақ жарақатын алып, салдарынанан қайтыс болды. Қылмыс құралы пышақ тәркіленді", - делінген полиция хабарламасында.

    Полицияның мәліметінше, бұл кісі өлтіру фактісі бойынша қала мен облыстың тәжірибелі полиция қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.

    "Қылмысты ашу және тергеу полиция департаменті мен облыс прокурорының қатаң бақылауында", - делінген полиция таратқан хабарламада.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде Саран қаласында қарақшының қолынан дүкен сатушысының қаза болғаны айтылған ақпарат тараған еді.

    Полиция өкілдері бұл ақпаратты растап, күдіктінің іздестіріліп жатқанын хабарлады.

    Кейін дүкен сатушысына шабуыл жасады деген күдікпен 50 жастағы ер адамның ұсталып, қамауға алынғаны белгілі болды.

    Саран қаласындағы дүкен сатушысына жасалған шабуыл: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.