Оқыс оқиға

Зектілері

СҚО-да көлігін 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл алған азаматқа прокуратура өкілі араша түсті

Жарияланған күні:

Айыппұл жазып тұрған полицей
Айыппұл жазып тұрған полицей. Көрнекі сурет: pexels.com/Kindel Media

СҚО-да көлігін белгіленген уақыттан артық қыздырғаны үшін айыппұл арқалаған азаматқа прокуратура өкілдері араша түсті. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, қадағалау органы талдау кезінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарын өрескел бұзу деректерін анықтаған. Мәселен, "Петропавл қаласында полиция басқармасының лауазымды қызметкері облыс орталығының тұрғынына қатысты кодекстің 1-бөлігінің 597-бөлігінде көзделген, көлік құралын 5 минуттан артық қыздыру арқылы көлік құралының тұрақ ережелерін бұзу фактісі бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хаттама толтырған".

Алайда полиция қызметкері бұл іске хаттама толтыру кезінде заңбұзушылықтарға жол берген, осылайша құқық бұзушының кінәсіне дәлелдер табылмаған.

"Петропавл қаласы прокурорының наразылығы бойынша полиция органдарының әрекеттері заңсыз деп танылды, іс жүргізу құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова көлікті 5 минуттан артық қыздыруға болмайды деген ереженің 20 жылдан бері бар екенін айтқан еді. Осылайша, қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған көлік құралы бес минуттан астам бір орында қозғалмай тұрса және бұл тұрғындарға қолайсыздық тудырса, бұл Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 597-бабының 1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылық деп танылады.

Осы орайда сенат кулуарында әділет вице-министрі Ботагөз Жақсылекова қандай жағдайда көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу туралы заң нормасы қайта қаралатанынын айтып берген еді.

Министрлер кабинетінде өткен брифингте экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салуды қолдайтынын мәлімдеген. Ол журналистерге көлікті қыздыруға бұл уақыт жеткілікті екенін айтқан және өзі эксперимент жасап көруге уәде берген. Ал бүгін, 22 қаңтарда министрліктің Instagram-дағы ресми парақшасында министр экспериментінің видеосы жарияланды. Министр экология министрі уәделі экспериментті жасап көрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2215004-sqo-da-koligin-5-minuttan-artyq-qyzdyrgany-ushin-aiyppul-algan-azamatqa-prokuratura-okili-arasha-tusti/