Ақтаулық жаттықтырушы қыздың өлімі: басты күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Жарияланған күні:

Ақтауда фитнес жаттықтырушысы болып істеген 29 жастағы қыздың жантүршігерлік өліміне қатысты іс аппеляциялық сотта қаралды. Сот алқасы жаңа айыптау үкімін қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облыстық сотының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылы 31 қаңтарда Маңғыстау облысының апелляциялық сот алқасы жаттықтырушы қызды өзіне қол салуға итермеледі деген бес айыпталушы С.Н, Е.А., А.М., У.Ж. и К.Д.-ға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қайтадан қарады.
Сот алқасының үкімімен басты күдікті С.Н. кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Екінші күдікті Е.А.-ға 16 жылға бас бостандығынан, тағы екі айыпталушы А.М. мен К.Д.-ға 13 жылға бас бостандығынан айыру, ал У.Ж.-ға 13 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ сотталушылардан ортақтасқан түрде жәбірленушінің пайдасына 19 618 415 теңге материалдық шығын және 30 млн теңге моральдық шығын өндірілді.
Сот алқасы үкімнің мәнін түсіндірді.
"Сотталушылар А.М., У.Ж., К.Д. и С.Н. Telegram желісіндегі арна арқылы "Мефедрон" психотроптық заттарын заңсыз сатып алған. Есірткіге масаң күйде сотталушылар жәбірленушіні ұрып-соғып, күштеп автокөлікке отырғызып, ұрлап кеткен. Арада біраз уақыт өткен соң сотталушылар А.М., У.Ж., К.Д. жәбірленушіні сотталушылар С.Н. мен Е.А.-нің қасында қалдырып, оқиға орнынан кетіп қалған.
Әрі қарай С.Н. автокөлік ішінде жәбірленушіні күш қолданамын деп қорқытып, психотроптық зат "мефедронды" қолдануға мәжбүрлеп, сексуалдық сипаттағы өзге әрекеттер жасап, зорлаған", - делінген сот хабарламасында.
Сотталушылардың іс-әрекеті салдарынан жәбірленуші өзін-өзі өлтіруге дейін барған.
Еске сала кетейік, 2024 жылы 19 желтоқсанда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты негізгі фигурантқа 20 жыл, ал оның төрт сыбайласына 7 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған еді.
Бұл үкіммен жәбірленуші тарап келіспеді.
Маңғыстау облысы прокуроры сот жарыссөзінде баяндаған ұстанымға сәйкес сот үкімінің саралау бөлігі мен жаза мөлшеріне келіспегендіктен 2025 жылғы 5 қаңтарда апелляциялық өтінішхат енгізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2216853-aqtaulyq-zhattyqtyrushy-qyzdyng-olimi-basty-kudikti-omir-boiyna-bas-bostandygynan-aiyryldy/