jitsu gif
Оқыс оқиға

    Бишімбаев колония әкімшілігінің үстінен сотқа шағым түсірді

    Қуандық Бишімбаев
    Қуандық Бишімбаев. Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

    Cалтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан мекеме әкімшілігінің үстінен сотқа шағым түсірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Жазасын өтеуші сотқа мекеме әкімшілігінің көтермелеу бермей жатқаны туралы шағым түсірді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жазаны өтеу тәртібі бұзылған жағдайда сотталғандарға көтермелеу шаралары қолданылмайды.

    Жазасын өтеушінің бір рет тәртіп бұзғаны ескеріліп, оған көтермелеу шарасы қолданылмаған. Сот жазасын өтеушінің арызын қанағаттандырмады", - деді ҚАЖК өкілі NUR.KZ тілшісіне.

    Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-дағы арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД өкілдері күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Сонымен бірге оның туыс інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды және қылмыс туралы хабарламады деген күдікпен құрықталды. Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты басты сот отырысы 27 наурызда басталды. Сот процесі ашық режимде өтті, ол Жоғарғы соттың YouTube желісіндегі парақшасында онлайн көрсетілді.13 мамырда сот үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Алқабилер алқасының үкімімен:

    • Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5) тармағымен кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған;
    • Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

    10 маусымда Астана сотына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағым түсті. 26 маусымда елордалық сотта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау басталды. Сот отырысы сол күні аяқталды, судья бірінші инстанциядағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

    Қуандық Бишімбаев ісі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.