jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбе облысында былтыр көктемде бөгеттің жарылуына қатысы болды деген адам сотталды

    ауыл
    Су басқан ауыл. Фото: Ақтөбе облыстық прокуратурасының ресми сайты

    Ақтөбе облысында "Мағаджан" бөгетінің жарылуына кінәлі деп айыпталған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директорына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақтөбе облысы Хромтау ауданының прокуратурасы "Мағаджан" бөгетінің жарылуына қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады.

    Іс материалдарына сәйкес, басқарушы компания болып саналатын ЖШС директоры пайдакүнемдік мақсатта суды ағызу бойынша шаралар қабылдамаған.

    2024 жылы 4 сәуірде бөгет жарылып, нәтижесінде Табантал, Қызылту және Бесқоспа ауылдарын су шайып, азаматтардың мүліктері мен инфрақұрылымға зиян келген.

    "Хромтау аудандық сотының үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 254-бабымен (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға су шаруашылығы саласында жұмыс істеуге тыйым салу және 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды", - делінген хабарламада.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Еске сала кетейік, былтыр сәуірде Ақтөбе облысының Хромтау ауданында орналасқан Мағаджан су қоймасының бөгеті бұзылды. Қызылту ауылының тұрғындары, Табантал қыстауынан 11 адам Бесқоспа ауылындағы мектепке орналастырылды.

    Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет облыстағы Мағаджан су қоймасының бұзылу қаупі туындағанын мәлімдеген.

    Ақтөбе облысында былтыр көктемде бөгеттің жарылуына қатысы болды деген адам сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.