jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты іс сотқа түсті

    Марат Бекетаев
    Марат Бекетаев. Фото: ortcom.kz

    Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған. Бұл туралы брифингте Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Агенттік экс-министр Бекетаевқа және басқа да адамдарға қатысты алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Ағымдағы жылдың 3 наурызында қылмыстық іс сотқа жіберілді", - деді Антикор өкілі.

    Марат Бекетаевқа қатысты іс

    2023 жылғы 21 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы әділет министрі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

    23 қазанда Антикор ұсталған адамның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев екенін растады.

    2024 жылғы шілдеде Антикор Бекетаевқа және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтағанын мәлім етті.

    Ведомство Бекетаев жеке компанияның басшылығымен бірге бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды, алаяқтық жасады және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деген күдікке ілінгенін хабарлады. Бастапқыда ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген еді.

    Айта кетейік, Марат Бекетаев Әділет министрлігін 2016 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін басқарған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.