jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы облысында теміржолдан ер адамның денесі табылды: күдікті ұсталды

    теміржол
    Теміржол. Көрнекі фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

    Алматы облысында теміржол бойында адамның жансыз денесінің табылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 49 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    "Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайын объективті түрде тергеуге бағытталған барлық қажетті тергеу жүргізіліп жатыр", - деп пікір білдірді департаменттегілер.

    Бұған дейін Қазақстан теміржолы компаниясы өкілдері 7 мамырда сағат 20.52-де Қайрат - Байсерке аралығында (Сарыөзек - Алматы учаскесі) жүк пойызы бөгде адамның темір жолға шығып кетуіне байланысты қозғалысын дереу тоқтатып, тежегішке басқаны туралы хабарлаған еді.

    Алматы облысында теміржолдан ер адамның денесі табылды: күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.