jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Пышақты Шерзатқа мен салдым" деген сөзіңіз бар": сотталушы тағылған айыпты неліктен жартылай мойындайтынын айтты

    айыпталушы Абзал Шынасыл
    Айыпталушы. Видеодан кадр: Жоғарғы соттың Youtube-тегі арнасы

    Шерзат ісі бойынша айыпталушылардың бірі Абзал Шынасыл сотта берген жауабында тағылған айыптарды жартылай мойындайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Қорғаушысы бұның себебін сұрады.

    "Сіз басында Шерзат туралы ешнәрсе айтпағансыз, істің 16-томынан бастап сіздің жауабыңызда пышақты мен Шерзатқа салып алдым" деген сөзіңіз бар. Соған не айтасыз?", - деп сұрақ қойды қорғаушы айыпталушыға

    Бұған сотталушы түсініктеме берді.

    "Құрметті сот, мойныма алған себебім – бізді Талғар қаласында полиция басқармасында тергеушілер "бұны бір адам істеді, бір адам мойнына алмаса, бәріңе қиын болады, топ болып кетесіңдер" деді.

    Сонымен бізді Қонаев қаласына этаппен алып кететін болды, алып бара жатқан кезде газельдің ішінде Сакиев Равиль, Белғожаев Шыңғыс, Тоқтаубаев Азамат төртеуміз болдық. Сол кезде Сәкиев Равиль "Бір адам істеді, сол адам мойындасын, мойындамасақ бәрімізге қиын болады" деді. Менде пышақ болғандықтан өзімді қылмыс жасап жасырған болмайын деп іштей ойлап, алсам мен мойныма ала салайын дедім.

    Бәріміз изоляторға келіп, басымыз қосылды, сол кезде сөйлесіп үлгеріп қалдық. Тоқтаубаев Нұрбол: "Абзал, сенде пышақ болды ғой" деді. Мен көп ойланған жоқпын. Мен Шерзатты мойныма аламын дедім. Бірақ Нұрқанаттың жамбасына сұққан пышақты Шыңғыс мойнына алатын болып шештік. Сөйтіп келіскен едік. Сосын бізді Қонаев қаласындағы полиция департаментіне алып кетті. Сол жерде келіскеніміз бойынша солай айттық. Тергеушіге де сөйтіп айттым", - деп жауап берді айыпталушы Абзал Шынасыл.

    Кейін айпыталушы оқиғаға қатысты екі пышақ алынғанын естіген.

    "Екі пышақ алынды деп Қонаевта тергеушілерден естідім. Мен оған қатты сенген жоқпын. Пышақ менде ғана болды, кірсе менікі кіріп кеткен шығар деп ойладым", - деді сотталушы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.