jitsu gif

Сотталушылардың бірі Шерзат Болатты ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевпен шатастырып ұрғанын айтты

прокурор
Прокурор Дана Сәрсенбай. Видеодан кадр: Жоғарғы соттың Youtube-тегі арнасы

Бүгінгі сот отырысында бұзақылық жасады деген айып тағылған сотталушы Шыңғыс Белғожаев жауап берді. Ол Шерзат Болатты Нұрқанат Ғайыпбаевпен шатастырып, қателесіп ұрғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сотталушы Шыңғыс Белғожаев кешке жұмыстан кейін Рысқұлов ауылына келгенін, ол жерде досымен болғанын айтты. Азамат Тоқтаубаевқа Нұрқияс Ілиясов телефон соғып, "Эйфория" кафесіне шақырған.

Осыдан кейін сотталушының айтуынша, олар Талғарға келген. Кафеде Нұрқияс, Равиль, Абзал және екі қызбен кездесіп, бәрі бірге сөйлесіп отырған. Кейін Шыңғыс Белғожаев Нұрбол Тоқтаубаев қоңырау шалғанын айтты. Ол да оларға қосылуды ұйғарып, кәмелетке толмаған сотталушымен кафеге келген, бірақ біраз уақыттан кейін олар кетіп қалған.

Бұдан кейін, Белғожаевтың айтуынша, Нұрбол Тоқтаубаев оған тағы да телефон соғып, Менделеев көшесінде дүкеннің жанында "бір жағдай болғанын" айтып, келуін өтінген. Барлығы кафеден шығып "Қамажайға" келген.

Дүкеннің жанында, айыпталушының айтуынша, шамамен 10 шақты адамды және беті қанталаған Дархан Әскентайды көрген. Белғожаевқа Әскентай өзін біреу ұрып жіберді деп жауап берген.

"Сол кезде Қаржаубай (Шерзат Болаттың әкесі - ред. ескертпесі) дүкеннен пышақпен шықты. Мұны көріп, мен де қалтамнан бәкімді шығардым, тоқтай ма деген оймен. Ол кісі тоқтамай, бері қарай жүгіре бастады. Сол сәтте мен есіктен теуіп, ол кісіні қайтадан ішке қарай кіргізіп жібердім. Ол кезде бұл іс бойынша тіркелген пышақ емес, үлкен, ас пышағы болатын", - деді Шыңғыс Белғожаев.

Содан кейін сотталушы төбелес басталғанын, бірақ кімнің кімге бірінші соққы жасағанын көрмегенін, сосын оқ атылғанын естігенін айтты.

"Сақалды бір адам мылтықпен бізге қарап тұрғанын көрдім. Дүкеннің жанында ағаш бар, соған қарай қаштық, сол сәтте екінші рет атты. Сосын артқа қарай жүре бастады. Алдыдағы балалар да жақындай бастайды. Олар да жетеді, мен де жүгіріп бардым арттарынан, теуіп, ұрдым. Мен негізі мылтық атқан сақалдыны ұрам деп барғам, кейін видеодан қарасам, мен Шерзатты ұрған екенмін. Бардым, ұрдым, тептім. Сонымен кеттік кеттік деген дауыстар естілді. Айғайлаған. содан бәріміз көлікке отырдық та оқиға болған жерден кетіп қалдық", - деді сотталушы.

Ол Шерзатты қателесіп ұрғанын, төбелес кезінде пышағы болмағанын айтты. Сонымен бірге ол көлігінде қару болғанын растады.

"Мен әбден жоғары жаққа шығып кеткеннен кейін, "Биатлон" жаққа барғанда көрдім мылтықты. Мылтықты алып, жолдың шетіне алыстау жерге лақтырдым. Ертеңінде сұраған кезде мылтықты көрсетіп, тауып беретіндей", - деп жауап берді Шыңғыс Белғожаев мылтық туралы сұраққа.

Прокурор айыпталушыдан бүгін өзі айтқан пышақты неліктен өзімен бірге алып шыққанын сұрады.

"Бізге қарай пышақпен жүгіргеннен кейін (Қаржаубай Нұрымов – ред. ескертпесі) ол кісі тоқтай ма деген мақсатта шығардым", - деді Шыңғыс Белғожаев.

Ол оны көліктен түсер кезде жүксалғыштан алып шыққанын айтты. Осы тұста судья Ержан Жанұзақов басқа сотталушыларға ескерту жасады, себебі сот залында Белғожаевқа сыбырлап жауапты айтып отырған.

Сондай-ақ сотталушыдан жасөспірімді не үшін ұрғаны сұралды.

"Мен оны Нұрқанатпен шатастырып алдым", - деді Белғожаев.

Ол пышақты қолданбағанын, қалтасынан шығарып, қайта салғанын айтты.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.