jitsu gif
Оқыс оқиға

    Айыпталушылардың бірі Шерзатқа кім пышақ салғаны туралы сұраққа жауап берді

    сот отырысы
    Сот залынан кадр: Жоғарғы соттың Youtube-тегі арнасы

    Бүгін, Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша адам өлтіру бабымен айып тағылған Шынасыл Абзал сотта жауап беріп жатыр. Мемлекеттік айыптаушы одан Шерзат Болатқа нақты пышақ салған кім екенін сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Неліктен дәл Белғожаевпен "пышақты Шерзатқа мен салдым, ал сен Нұрқанатқа пышақ сұқтың" деп келісуді шештіңіздер?", - деген сұрақ қойылды сот отырысында Абзал Шынасылға.

    "Белғожаевта бәкі болғандықтан", - деп жауап берді айыпталушы.

    Алайда прокурор Шынасылдың бұған дейін оқиға орнында ешкімнің қолынан пышақ көрмегені туралы жауабын еске салды.

    "Артынан білдім", - деді айыпталушы Абзал Шынасыл.

    Осылайша сотталушы Абзал Шынасыл марқұм Шерзат Болатқа пышақ салғанын жоққа шығарды.

    "Онда кім салды?", - деп нақтылады прокурор сотталушыдан.

    "Білмеймін, нақты айта алмаймын кім екенін. Арамыздағы біреу деп ойлаймын", - деп жауап берді Абзал Шынасыл.

    Осы ретте судья айыпталушының сөзін іліп әкетіп, араларындағы деген сөзде кімді меңзеп тұрғанын сұрады.

    "Сотталушылардың арасынан біреу", - деді ол.

    Сондай-ақ Абзал Шынасыл мемлекеттік айыптаушының "Шерзатқа пышақты Белғожаев салған болуы мүмкін бе?" деген сауалына жауап берді.

    "Жоқ, өйткені Белғожаевпен сөйлескенде "мен бәкіні қолданған жоқпын" деп айтты", - деді Шынасыл.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.