jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс: айыпталушыларға сот үкімі шықты

    судья
    Судья Ержан Жанұзақов. Фото: Жоғарғы соттың Youtube-тегі арнасы

    Бүгін, 5 маусымда Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша екі айға созылған сот процесі аяқталып, үкім жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Ержан Жанұзақов Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша үкімді жариялады.

    Сот үкімімен:

    Абзал Шынасылға Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айыру, 99-бабы 2-бөлігінің 5, 9, 14-тармақтарының бойынша – 20 жыл бас бостандығынан айыру, 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 1, 7, 9-тармақтары бойынша – 15 жыл бас бостандығынан айыру; 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, жазаларды ішінара қосу жолымен қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, түпкілікті 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Равиль Сакиевке Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айыру, 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 7, 9-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 58-бабының 4-бөлігі бойынша жазаны ішінара қосу жолымен қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы;

    Азамат Тоқтаубаевқа Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айыру, 188-бабының 1-бөлігі бойынша – 3 жыл бас бостандығынан айыру, 58-бабының 3-бөлігі бойынша – 9 жыл бас бостандығынан айыру, 58-бабының 6-бөлігі негізінде (Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы Талғар аудандық сотының 17.10.2024 жылғы үкімі) жазаларды ішінара қосу жолымен қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы;

    Нұрқияс Ильясовқа Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша – 7 жылға бас бостандығынан айыру, 60-бабына сәйкес ( Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы, 293-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармағы бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу туралы Талғар аудандық сотының 04.04.2024 жылғы үкімі) жазаны ішінара қосу жолымен қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтей отырып түпкілікті 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Шыңғыс Белғожаев Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Дархан Әскентай Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Нұрбол Тоқтаубаев Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Дидар Қалиахмет Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Кәмелетке толмаған сотталушы Ы.Д.-ға Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша – кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Сондай-ақ іс бойынша жәбірленуші болып танылған Қаржаубай Нұрымов, Жұмабике Кадирова және Гүлбарам Бишембиеваға келтірілген моральдық шығынды өтеу туралы азаматтық талап ішінара қанағаттандырылды.

    Келтірілген моральдық шығынның есебіне Шынасылдан 60 млн теңге, Сакиевтен – 30 млн теңге, сондай-ақ қалған сотталғандардан ортақ тәртіпте және Сакиевтен – 30 млн теңге өндірілді. Кәмелет жасқа толмаған Ы.-ға жәбірленушілер азаматтық талап қоймаған.

    Еске сала кетейік, жәбірленушілердің өкілдері сотталушылардан жалпы сомасы 660 млн теңге өтемақы сұраған еді.

    Еске салсақ, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында ер адамдар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқанын жазған едік. Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілген, олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кейін марқұм болған 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала екені хабарланды.

    Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Артынша Алматы облысының полиция департаменті өкілдері кісі өлтірді деген күдікпен ұсталғандардың видеосын жариялады.

    Талғардағы кісі өлімімен аяқталған оқиғадан кейін марқұмның әкесі соттың ашық әрі әділ өтуін талап етіп мәлімдеме жасады.

    Қанды оқиға болған дүкеннің алдында марқұм Шерзат Болатты еске алу бұрышы ашылды.

    10 қазанда марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов істің мән-жайын айтып тағы бір үндеу жасап, халықтан митингке шықпауын өтінді. Сондай-ақ ол отбасының қауіпсіздігіне алаңдаулы екенін жеткізді. Айтуынша, заңгерлер мен журналистердің атын жамылып, белгісіз біреулер келіп қорқытқан. Шерзаттың әкесі жағдай өзіне және жақындарына кері әсер етіп кетпес үшін, жұртшылықтан митингке шығып, қантөгіс жасамауын өтінді.

    12 қазанда құқыққорғаушы Саида Тәукелева желідегі жеке парақшасында марқұм Шерзат Болаттың отбасына тиесілі үй өртеніп кеткенін жазып, видео жариялады.

    Артынша полиция департаменті өкілдері мүлікті қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

    Кейін бас прокуратура өкілдері мәлімдеме жасап, жәбірленушілердің үйін өртеу фактісі бойынша ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғанын және қылмыстық iс бас прокурордың бақылауына алынғанын хабарлады.

    Талғардағы Шерзат Болаттың қазасы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.