jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандар жазасын қалай өтеп жатыр

    Түрме
    Түрме. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Мәжілістегі үкімет сағаты кулуарында Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков Шерзат Болаттың өліміне қатысты істе кінәлі деп танылғандар жазасын қалай өтеп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Олар 7-8 адамнан тұратын топ, сот үкімі бойынша олар жазасын қауіпсіздігі орташа режимдегі мекемеде өтеп жатыр. Заңға сәйкес жазаларын жалпы режимде өтейді", - деді ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков.

    Сондай-ақ комитет төрағасы сотталғандар сот белгілеген моральдық шығынды өтеу үшін жұмысқа әлі кіріспегенін айтты.

    "Олар жақында ғана келді, оларды жұмысқа деген біліктілігі тексерілген соң және оқытылғаннан кейін жұмысқа орналастыру мәселесін шешеміз", - деді Абай Қайырбеков.

    Журналистер уақытша ұстау изоляторларының бірінде туған күн тойлауға қатысты оқиғаны да атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, желіде Шерзат Болатты өлтірді деп айыпталған күдіктілердің туған күн тойлатып жатқаны хабарланған еді.

    "Мұндай жағдайға енді жол берілмейді. Бұл оқиға уақытша ұстау изоляторында болды. Мұндай фактілердің мекемеде ұстау кезінде болуы мүмкін емес. Бейнебақылау камералары бар. Бұл оқиғаға байланысты Алматы полиция департаменті тексеру жүргізіп, жауапты жетекшілер жазаланды", - деді ҚАЖД төрағасы.

    Еске сала кетейік, 2024 жылы қазанның 3-інен 4-іне қараған қараған түні Талғар қаласында ер адамдар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқанын жазған едік. Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілген, олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кейін марқұм болған 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала екені хабарланды.

    Биыл 5 маусымда Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі жарияланды.

    Сотталушылар:

    — Абзал Шынасыл 23 жылға;

    — Равиль Сакиев 20 жылға;

    — Азамат Тоқтаубаев 15 жылға;

    — Нұрқияс Ілиясов 9 жылға;

    — Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет — әрқайсысы 7 жылға;

    — Д.Ы. 1 жыл 6 айға сотталды.

    Кәмелетке толмаған Д.Ы. шілде айында жазасын өтеуіне байланысты қамаудан босатылды.

    Қалған 8 сотталушы сот үкімімен келіспей апелляциялық шағым түсірген еді.

    Апелляциялық сот 8 айыпталушының өтінішін қанағаттандырмай, алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

    Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандар жазасын қалай өтеп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.