jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атырауда жоғалған отбасына қатысты іс: күдіктінің Индонезияда ұсталған сәтінен видео жарияланды

    ұстау операциясы
    Ұстау операциясы. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

    Атырау облысындағы бір отбасының екі мүшесінің өліміне қатысты іс бойынша күдіктінің ұсталған сәтінен видео жарияланды. Операция Индонезияда жүргізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Telegram желісіндегі арнасына сілтеме жасап.

    Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасының хабарлауынша, Қазақстанның Ішкі істер министрлігі қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстады.

    Онымен бірге бұрынғы әйелі де анықталды.

    Атырау облысындағы отбасының жоғалуы

    Еске сала кетейік, қаңтардың басында Атырау облысында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені белгілі болды. Жоғалған адамдар тізімінде ерлі-зайыпты зейнеткерлер мен олардың екі үлкен баласы болды.

    Облыстық полиция департаменті жариялаған бағыттамаға сәйкес, Қарабалин Мақсот Мұқанғалиұлына, Өтешқалиева Нәсіп Бақытқызына, Қарабалина Мирамгүл Мақсотқызына, Мұқанғалиев Наурыз Мақсотұлына іздеу салынды.

    6 қаңтарда Атырау облыстық ПД ерлі-зайыпты өлі табылғанын, олардың ұл мен қызы әлі іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

    Кейінірек Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке (қаза тапқан ерлі-зайыптының күйеу баласы) қатысты бағдар жарияланды. Сондай-ақ күдіктік мен оның әйеліне халықаралық іздеу жарияланды.

    Бұдан бөлек, полиция жоғалған отбасыға қатысты іс бойынша жаңа деректерді бөлісіп, марқұм зейнеткерлердің денесінде пышақ іздері бар екенін мәлім етті.

    24 ақпанда Қазақстан ІІМ Атырау облысындағы екі адамды өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстағанын мәлімдеді.

    Кейін қаза тапқан зейнеткерлердің қызы да күдікке ілінгені белгілі болды. Ол да Индонезияда ұсталған.

    Атырауда жоғалған отбасына қатысты іс: күдіктінің Индонезияда ұсталған сәтінен видео жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.