jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шерзат Болаттың үйіндегі өртке қатысты істі тергеу қайта жанданды

    Прокуратура қызметкері
    Прокурор. Иллюстрациялық фото: facebook.com/GenProkRK

    Алматы облысының прокуратурасы 2024 жылдың күзінде Алматы облысында өртенген Шерзат Болаттың үйіне қатысты тергеу жұмыстарының қай сатыда екенін түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

    Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев былтыр істің мән-жайын жан-жақты анықтау үшін Ресей Федерациясынан спутник суреттері келуі тиіс екенін, тергеудің соған байланысты кідіргенін түсіндірген. Кейін 2025 жылдың тамызында аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарының тоқтатылғаны белгілі болды. 

    Агенттік тілшілері бұл іске қатысты тағы да сауал жолдап, Алматы облысының прокуратурасына жүгінген.

    "Қ.Нұрымовтың үйінде болған өрт дерегі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында қазіргі уақытта тергеу органы қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Олардың нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады. Аталған қылмыстық іске қатысты өзге де мәліметтер Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп жауап берді облыс прокуроры Берік Адамов.

    Сонымен қатар қадағалау органы спутниктік деректердің алынған-алынбағанын және бұл іс бойынша күдіктілердің анықталуын нақтылаған жоқ.

    Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында ер адамдар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан еді. Жанжал салдарынан 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала көз жұмды.

    12 қазанда марқұм Шерзат Болаттың отбасына тиесілі үй өртеніп кеткен еді.

    Артынша облыстық полиция департаменті мүлікті қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

    Кейін бас прокуратура өкілдері мәлімдеме жасап, жәбірленушілердің үйін өртеу фактісі бойынша ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғанын және қылмыстық iс бас прокурордың бақылауына алынғанын жеткізді.

    Шерзат Болаттың үйіндегі өртке қатысты істі тергеу қайта жанданды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.