jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Нұрай Серікбай ісі бойынша күдікті қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетпей ме: ІІМ өкілі жауап берді

    Нұрай Серікбай
    Нұрай Серікбай. Видеодан кадр: otyrar.kz

    Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов сенат кулуарында Шымкентте болған Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Кеше 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша күдіктіден психикалық бұзылыстар анықталып, осыған байланысты ол мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілгені белгілі болды.

    "Бұл қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті Ақтас қаласында, қазіргі уақытта сараптамалар жүргізілуде. Сараптама нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберіледі де, ол жауапкершілікке тартылады. Бұған қатысты ешқандай алаңдаушылық болмауы керек", - деді Бауыржан Әленов.

    Оның айтуынша, сараптама бір ай ішінде жүргізілуге тиіс.

    Сондай-ақ Бауыржан Әленов сталкинг бойынша күдікке ілінгендердің бәрі ақыл-есі дұрыстығы тексерістен өте ме деген сұраққа жауап берді.

    "Бұл кешенді процедура", - деді вице-министр қысқаша.

    Естеріңізге сала кетейік, қылмыс 11 қаңтарда кешке Шымкентте Төлеметов пен Өтегенов көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде бейнежазбаға түсіп қалған. Кадрдан қыздың қашып кетуге тырысқаны, қарсылық көрсеткені, ал жас жігіттің оны ұрып-соғып, пышақ сермегені көрінген.

    Нұрай Серікбай ісі бойынша күдікті қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетпей ме: ІІМ өкілі жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.