jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Адвокат: Шерзат ісі бойынша сотталған екі адам ақтауды сұрап отыр

    Шерзат Болат
    Шерзат Болат. Фото: instagram.com/justice_for_sherzat

    Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болат ісі бойынша сотталған Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет кассациялық сотқа жүгініп, өздерін ақтауды сұраған. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мейірман Шекеевтің өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлауынша, Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет үкіммен келіспей, кассациялық шағым түсірген. Екеуі де ақтауды сұрап отыр.

    Істі қарау бүгін, 7 сәуірге белгіленген.

    Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы қазанның 3-інен 4-іне қараған түні Талғар қаласында бір топ жігіттің арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқанын жазған едік.

    Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілген, олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Кейін марқұм болған 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала екені хабарланды.

    2025 жылғы 5 маусымда Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі жарияланды.

    Сотталушылар 23 жылдан 1 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылды.

    Кәмелетке толмаған бір сотталушы жазасын өтеуіне байланысты 2025 жылғы шілдеде қамаудан босатылды.

    Сотталған қалған 8 адам сот үкімімен келіспей апелляциялық шағым түсірген еді.

    Апелляциялық сот олардың өтінішін қанағаттандырмай, алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

    Адвокат: Шерзат ісі бойынша сотталған екі адам ақтауды сұрап отыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.