jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада өрттен үш бала көз жұмды: құтқарылған әйелдің қазіргі жағдайы белгілі болды

    өрт болған жер
    Өрт болған үй. Фото: t.me/gazizaraimbeknews

    Астанада 21 қабатты тұрғын үй кешеніндегі өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы әлі де ауыр. Бұған қатысты қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар тың дерек жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері NUR.KZ тілшісіне 21 қабатты тұрғын үй кешеніндегі өрттен құтқарылған әйелдің жағдайы туралы дәрігерлердің мәліметін ұсынды.

    Қалалық көпсалалы аурухананың травматолог-дәрігері Марат Сабиров науқастың әлі де ауыр хәлде екенін және жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

    "Алған жарақаттары, күйіктің көлемі мен тереңдігі, сондай-ақ жарақаттан алған шокқа байланысты жағдайы ауыр" - деп атап өтті дәрігер.

    Естеріңізге сала кетейік, 12 сәуірге қараған түні Астананың Есіл ауданындағы 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Салдарынан бір әйелді күйік шалған. Сондай-ақ пәтерден үш баланың денесі табылған.

    Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі өрт кезінде кәмелетке толмағандардың денелері табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    Ал Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері пәтердің металл есікпен жабылғанын, екі құлып орнатылғанын, оны құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен бұзып ашқанын айтты.

    "Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден бір әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.

    ТЖД қызметкерлері жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетімен шықты. Өрт толық сөндірілді.

    Өрт дабылы мен хабарлау жүйесі іске қосылып, лифтілер бірінші қабатқа автоматты түрде түсті. Сонымен қатар, ауладағы кіреберіс металл қақпалармен жабылып, аула автокөліктермен толтырылғанына қарамастан, ТЖД күштері өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берген жоқ.

    Өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы мен шығу себебін анықтау үшін сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады департамент өкілдері.

    Астанада өрттен үш бала көз жұмды: құтқарылған әйелдің қазіргі жағдайы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.