jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атырау полициясының бұрынғы бастығы тергеу изоляторына қамалды

    Бақытбек Исаев
    Бақытбек Исаев. Фото: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

    Атырау қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы тергеу изоляторына қамалды. Бұған дейін ол уақытша ұстау изоляторында болған, деп хабарлайды Ақжайық.

    Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, ішкі істер органдарынан "теріс" негізде жұмыстан босатылған.

    Басылым дереккөздерінің мәліметінше, тергеу барысында қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактілері тексерілуде. Оның әрекеттеріне қатысты түпкілікті құқықтық баға ресми түрде жарияланған жоқ

    Алдын ала мәлімет бойынша, тергеу ісі есірткі заттарына байланысты, олар қылмыстық істерде айғақ ретінде тіркелген.

    Еске сала кетейік, 13 сәуірде Атырауда Ішкі істер министрлігінің тексерісінен кейін заң бұзушылықтар анықталып, жоғары лауазымды бірнеше полиция қызметкері қызметінен босатылғаны белгілі болды.

    Кейінірек Атырау қаласы полиция басқармасының бұрынғы бастығы Бақытбек Исаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды.

    Атырау полициясының бұрынғы бастығы тергеу изоляторына қамалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.