jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атырау облысында кісі қолынан қаза тапқан отбасына қатысты іс: тергеу аяқталды

    күдікті
    Күдіктіні елге жеткізген сәт. Видеодан кадр: polisia.kz

    Атырау облысындағы Жангелдин ауылында кісі қолынан қаза тапқан отбасына қатысты іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

    "Сотқа дейінгі тергеу аяқталды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

    Еске сала кетейік, Атырау облысында 2025 жылдың соңында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасын полиция іздестіріп жатқаны хабарланған еді. Полицияға 2025 жылдың 25 желтоқсанында Атырау қаласының тұрғыны жүгінген. Ол ағасы мен оның отбасы бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткенін айтқан.

    6 қаңтарда отбасының екі мүшесі, атап айтқанда ерлі-зайыпты Қарабалин Мақсот пен Өтешқалиева Нәсіп өз үйінде өлі табылған. Аталған оқиғаға қатысты "кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ауыл халқы жер қойнына тапсырды.

    Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу тобы құрылды.

    Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызы да халықаралық іздеуге берілді. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.

    Күдікті Индонезияда ұсталды. Онымен отбасының кіші қызы бірге жүргені анықталды.

    Ұсталғаннан кейін ер адам кінәсін мойындады. Оның көрсетуімен жедел-тергеу тобы қосымша тергеу әрекеттерін жүргізді. Атыраудағы үй ауласын тексеру барысында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен ұл мен қыздың мәйіттері табылды.

    "Қылмысқа ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжалдар себеп болған", - деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

    Атырау облысында кісі қолынан қаза тапқан отбасына қатысты іс: тергеу аяқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.