jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Екі баласы қалды": Жетісуда күйеуі көлікпен қағып өлтірді деген әйел жерленді

    аурухана
    Медициналық құралдар. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жетісу облысында полиция қызметкері қағып өлтірді деген 39 жастағы келіншек Жетісу облысында жер қойнына тапсырылды. Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Марқұм келіншек те бұрын полицияда істеген. Жақындары оның қазасына күйеуін кінәлап отыр. Олар Балқаш ауданының полиция бөлімінде орынбасар болып қызмет атқарған күйеу бала келіншекті қасақаны таптап өлтірген деген нұсқаны айтып отыр. Тізгіндегі азаматтың қызметі туралы бұған дейін ақпарат құралдары да жазған болатын.

    Дегенмен Алматы облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растаған да, жоққа да шығарған жоқ. Тек оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынғанын хабарлады.

    Еске салсақ, Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне әйелін қағып кетті деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. ПД өкілдері оның полиция қызметкері екенін де растаған.

    Оқиға салдарынан әйел жарақат алып, оқиға болған жерде жан тапсырғаны белгілі болды.

    "Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті түрде анықтау үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде", - деп түсіндірді облыстық полиция департаменті.

    Ведомство өкілдері тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

    "Екі баласы қалды": Жетісуда күйеуі көлікпен қағып өлтірді деген әйел жерленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.