jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Нұрай Серікбайдың өлімі: адвокат алғашқы сот отырысы өтетін күнді жариялады

    Нұрай Серікбай
    Нұрай Серікбай. Видеодан кадр: otyrar.kz

    Адвокат Аянхан Омаров Threads әлеуметтік желісінде Шымкентте қаза тапқан Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысы өтетін күнді хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Оның айтуынша, іс бойынша алдын ала тыңдау 21 шілде күні сағат 10:00-де Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді.

    "Алдын ала тыңдау барысында істі негізгі сот талқылауына тағайындау, дәлелдемелерді зерттеу тәртібі, сондай-ақ істі алқабилердің қатысуымен қарау мәселесі шешілетін болады", - деп түсіндірді өз жазбасында Омаров.

    Нұрай Серікбайдың өлімі

    Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтарда кешке Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйдің маңынан жас қыздың мәйіті табылған еді. Марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болған.

    13 қаңтарда күдіктінің Шымкенттен 10 шақырым жерде ұсталғаны белгілі болды.

    Сонымен қатар полиция оның сот санкциясымен қамауға алынғанын мәлім етті.

    Қоғамда резонанс тудырған оқиғадан кейін Шымкент ПД бастығы Нұрлан Алмасбеков, оның бірінші орынбасары және бірқатар қызметкер қызметінен босатылды.

    Биыл сәуірде күдіктінің мәжбүрлі емдеуге жіберілгені хабарланды.

    Кейін сенат кулуарында ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойныша сараптама қорытындысы шыққанын мәлімдеді. Қорытынды нәтижесіне сай, оның ақыл-есі дұрыс екені анықталған.

    Мамырда күдікті Талғардағы медициналық орталықтан Шымкентке қайта ауыстырылды.

    Бір ай бұрын бұл іс бойынша тергеу аяқталғаны мәлім болды.

    Нұрай Серікбайдың өлімі: адвокат алғашқы сот отырысы өтетін күнді жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.